Русский Сайттың толық нұсқасы

Үш аймақтың шенділері пара алды деген күдікпен қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2017
  • 3390

Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пара алды деген күдікпен лауазымды тұлғалар құрықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметіне сәйкес, ұсталғандардың ішінде Леңгір қаласының әкімі Байымбетов пен жер қатынастары бөлімі меңгерушісі бар. Сондай-ақ 300 мың теңге көлемінде бірнеше рет пара алғаны үшін Қарағанды облысы дәрігерлік-әлеуметтік сарапшылық бөлімінің жетекшісі Оспанов та қамауға алынды. Жерге қатысты құжаттарға қол қою үшін қалтасын 300 мың теңгеге толтырған Қордай аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекшісі де заң алдында жауап береді.