Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі жыл бұрын Алматыға кетіп жоғалып кеткен қазақстандық тірі табылды

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2024
  • 286

Екі жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Шу қаласының тұрғыны тірі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lider.kz Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

1999 жылы туған Бабакин Николай жұмыс істеу үшін Алматыға кеткен. Бірақ 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бері байланысты шықпаған. Жігітке іздеу жарияланғанымен, табылмаған.

Lider.kz еріктілері 2 жыл уақыт өткен соң Николайдың табылғанын мәлімдеді. 

Еске салайық, бұған дейін Семейде 2015 жылы туылған кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Ол 2024 жылдың 19 шілдесінде жоғалған. 

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.

Үстіндегі киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка.