Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлттық қор – балаларға»: 13 мың өтінім орындалды

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2024
  • 267

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша шотына түскен қаражатты пайдалануға 16,6 мың өтінім берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың ақпан айында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша төлемдер басталды.

6,9 млн баланың шотына $100,05-дан аударымдар жүргізілді. Жоба жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге бағытталған. Биыл қаражатты пайдалануға 16,6 мың өтінім берілді, оның ішінде 13 мың өтінім орындалды. Орындалған өтінімдердің жалпы сомасы $1,3 млн-ды құрады, келесі қаражат 2025 жылдың ақпан айында есептеледі. Бұл балалар мен олардың отбасына қосымша қолдауды қамтамасыз етеді.