Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астанада балабақша меңгерушілері 35 млн теңгені жымқырған",- Бас прокуратура

Астанада балабақша меңгерушілері сотталды. Олар балаларды тамақтандыруға бөлінген 35 млн теңгені жымқырған. Бас прокуратураның мәліметінше, экс-балабақша басшылары мәзірге сәйкес қажетті азық-түлік көлемін көрсете отырып өтінімдер берген. Бұл ретте алдын ала өнім берушімен қылмыстық сөз байласып, олар толық жеткізілім туралы құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп отырған. Сотта кінәлілерге қатысты барлық дәлел келтірілген. Үкім заңды күшіне енді. 

Алдияр БАҚЫТЖАН, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА АҒА ПРОКУРОРЫ:

Сот үкімімен балабақша меңгерушілеріне тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, мәжбүрлі еңбекке тартуға және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салуға сотталды.