Русский Сайттың толық нұсқасы

"Суға кету дерегі көбеюінің басты себебі қауіпсіздік шараларын сақтамауы", - ІІМ

Елімізде шомылу маусымы басталғаннан бері 100-ден астам адам суға кетті. Оның 40-қа жуығы бала. Қазір республика бойынша демалу, жүзу және балық аулау үшін пайдаланылатын 85 мың өзен мен 48 мың көл бар. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары 10 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар ұйымдастырған. Тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 2 мыңға жуқы адам жауапқа тартылды. Алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін және қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 785 адам айыппұл арқалаған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері суға батқан 14 азаматты құтқарды. Тәртіп сақшылары су айдындарында қауіпсіздік шараларын барынша сақтанған абзал дейді.

Айдын ОРАЗБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық азаматтарға айтарым су жағалауында демалуға барғанда барлық қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар, атап айтқанда суға спирттік ішімдіктер ішіп және рұқсат берілмеген жерлерге суға түспеу қажет, әсіре баларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Себебі адамдардың суда қайтыс болулардың басты себебі қауіпсіздік шараларын сақтамау болып табылады.