Русский Сайттың толық нұсқасы

Грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Биылғы мемлекеттік білім грантының иегерлері анықталды. Конкурсқа қатысқандар арасында Азат Айтмұхамед те бар. Қаржы саласын таңдаған абитуриент 129 баллмен Еуразия ұлттық университетіне грантқа түсіп, бүгін құжат тапсыруға келді.

Азат АЙТМҰХАМЕД, МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

Шынымды айтсам грантты 11-де ғой жариялаған, ал мен сол уақытта балықта болдым. Сеть жоқ. Әкем 11:30-да маған келеді де “сен грантқа түстің” дейді. Сол қуандық балықта, анам үйде қуанды, әжем жылап жіберді. Жан-жақтан құттықтап жатыр. Достарымның көбі грантқа түсті.

Қуанышты жаңалықты естіп, төбесі көкке жетіп жатқандар қаншама. Жалпы конкурсқа 104 мыңнан астам талапкер қатысқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Грантқа ие болғандар әлеуметтік желіде әсерлерін жарыса жариялауда.

Гранттың көп бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсушілерге 3903 грант бар. Одан бөлек тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастары үшін 5 мың грант берілген.

Гүлзат КӨБЕНОВА, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ең бастысы біздің экономикаға қажет мамандардың сұранысын ескереді. Ал сұранысты қарайтын болсақ бүгінгі күні мемлекетімізге педагогикалық бағыттар бойынша мамандар қажет әртүрлі пәндер мұғалімдері; екіншіден IT саласының мамандары қажет және де инженерлер қажет.