Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда бір жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлады

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2024
  • 357

1 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға Тараз қаласында болған.

Осыған дейін елордада 1 жасар баланың екінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.

«Бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады. Оқыс оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында болды. Түрлі жарақаттар алған сәби (ұл) ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Осы оқиғаға байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жасады.

«Құрметті ата-аналар ТЖМ ескертеді:

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Москит торлары құлаудан қорғамайды;

Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз»,-делінген хабарламада.