Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызына арнайы сыйлық жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді.
"Бүгін мынадай сыйлық келді. Кімнен екен?", - деген Баян Мақсатқызы шоколадты құлпынай мен түрлі жемістер толы себетті ашып, ашықхатты дауыстап оқып берді.
Ашықхатта: "Баяшка, ханшайымның бауы берік болсын! Ғұмырлы болсын! Aidyn_nury" деп жазылған екен.
"Көп рахмет, Айнұр. Анау Түркиядан құттықтап жатқан қандай мұқият адамсың", - деп алғысын білдірді Баян Мақсатқызы.