Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өте ауыр сұрақ". Жахан Отарғалиев мектеп оқушыларымен кездесуде күтпеген жағдайға тап болды

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2024
  • 213

Актер, продюсер Жахан Отарғалиев мектеп оқушыларымен кездесуде күтпеген сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Актер Rich School Almaty мектебінің шәкірттерімен кездесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Алғашқы сұрақтар актердің өнер жолына келуімен басталғанымен, кейін жеке өміріне қатысты сауалдар қойыла бастады. 

Бір оқушы Жахан Отарғалиевтен: "Джохан" фильмін түсіру үшін үйіңізді сатып жібергеніңіз рас па?", - деп сұрады. 

Балалардан мұндай сұрақ күтпеген болса керек, Жахан Отарғалиев біраз абдырап қалып, былай деп жауап берді: "Өте ауыр сұрақ. Қазір квартирада тұрып жатырмыз. Ең бастысы, бір күні офисте қонып жүрмейік әйтеуір. Иә, үйімді сатып жіберіп кино түсіргенім рас".

Актер өзін продюсер ретінде қалыптастыра бастағанда көп қиындық көргенін, қаражаты болмағанын айтып, балаларға шағын мотивация беріп өтті. 

"Кино түсіру үшін қаражат керек болады. Ол қаражатты табу өте қиын. Ол кезде мені ешкім продюсер ретінде көрмейтін. "Бұдан бірдеңе шыға ма?" деп қарайтын. Сіздерге мотивация болсын, адамдарға міндетті түрде бірнәрсе дәлелдеп барып шықпасаң жай ғана былай шығып кету деген өте қиын. Сол себепті үйімді сатып жібердім қаражат таба алмағаннан кейін. Әзірге үйім жоқ, бірақ үйімді сатқаныма мүлде өкінбеймін. Себебі міне, өздеріңіз сияқты кішкентай балалардың эмоциясын көрген кезде, "Джохан аға" деп танып жатқан кезде бәрін ұмытып кетесің ғой. Сол себептен сіздерге көп рахмет!", - деп қорытындылады ол.