Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы емханасынан 340 млн теңге ақша жымқырған екі есепші сотталды

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2024
  • 296

 Алматыдағы №30 қалалық емхананың бас бухгалтері мен есепшісі 4 жыл жоқ кадрлардың шоттарына жалақы аударып келген.

Медеу ауданының сотында мегаполистегі №30 қалалық емханасының бас бухгалтері Х. мен есепшісі Т-ға қатысты, бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе ысырап ету бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, бас бухгалтер мен есепші, 2019 жылдың маусымынан 2023 жылдың қараша айына дейін жұмыс істемейтін адамдардың есепшоттарына жалақы мен үстемелерді аударып отырған. Осылайша мемлекетке 340 387 113 теңге шығын келтірген.

Сотталушылар өздерінің кінәсін толық мойындады.

Прокурор сотталушыларға 8 және 7,6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Сот үкімімен бас есепші мен есепші кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ 5 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады соттан.