Русский Сайттың толық нұсқасы

Париж-2024: Қазақстандық жеңіл атлет ереже бұзып, жарыстан шеттетілді

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2024
  • 378

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Давид Ефремов ереже бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жеңіл атлетикадан Париж олимпиадасында ел намысын қорғаған Давид Ефремов жарысты ерте жолдан аяқтады. 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жұбаныш айналымында сынға түскен отандасымыз жартылай финалға шыға алмады. Өкінішке қарай, қазақстандық атлет фальстарт жасағаны үшін жарыстан шеттетіліп, олимпиада ойындарын ерте аяқтады. Осылайша, Давид Ефремов үшін Париждегі олимпиада сәтсіз аяқталды.