Атырауда балабақшадан орын ала алмай жүрген ата-аналар шу шығарды. Айтуларынша, оған биыл іске қосылған «Бірыңғай кезектілік» пилоттық жобасы кедергі келтіріп отыр. 6 баланың анасы Рысбике Нұғыманова «балаңыз бақшаға қабылданды» деген хабарлама келгенде балаша қуанған. Бірақ қуанышы ұзаққа бармапты. Бірыңғай база бір балаңыз 18-ге толып кетті деп, кезегін алып қойған.
Рысбике НҰҒЫМАНОВА, АТА-АНА:
Көп балалы ретінде санаттан алып тастаған. Артында 5 бала бар ғой. Ол санатқа қалай жатпаймын? ЦОНға жіберді. Оған барып қараттық, бәрі бар. Бізді ЗАГСке жіберді, ЗАГС-ке барып бүкіл баланы қайтып қараттық. Обновление болмаған индигоға кірсем, қайтып отказ келіп тұр.
Марал ХАСАНОВА, АТА-АНА:
Екі балам 18ге толып кеткен еке,. Артынан толмаған 4 балам бар әлі. 2027 жылға жейін көп балалы ана болып саналамын екен. Өтпей жатыр. Кеше демаыс күні жасамайтын сайт жасап,мені архивке лақтырып тастаған. Мен өзім отказ жасап, орнымнан алып тастаған сияқты болып тұрмын.
Құжаттары өтпеген ата-аналар қалалық білім бөлімің табалдырығын тоздырып жүр. Бірақ ондағылар да еш көмектесе алмаған. Енді ақшасы барлар әлеуметтік желіде «бақшадан орын алып береміз» деген делдалдардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Кімнен көмек сұрарын білмей жүрген те ата-аналар ғана емес. Жеке балабақша басшылары да пилоттық жоба әлі шикі деп отыр. Бірізділік жоқ, салдарынан бала тіркей алмай отырмыз,- деп шырылдап жүр.
Лаура СҰЛТАНОВА, ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚША ИЕСІ:
Бізде үлкен проблема балабақшаға балаларды уақытылы алмағандықтан біз өзімізге балалардың қызметкерлердің жалақысын бере алмай отырмыз. Яғни келесі айға қарыз сұрап алып, аванс сұрап беріп отырмыз. Ата ана да жоғалтты, пилоттық жоба кесіренен, БІз де жоғалттық. Пилоттық сеңдей соғылықан ата ана қайда барарын білмейді, ақпаратты қайдан аларын білмейді.
Бұл пилоттық жоба республиканың 8 аймағында іске қосылған. Бірақ кейбірі бас тартып үлгеріпті. Ал Атырауда ақпан айынан бері істейді. Базадағы түсініксіз жайттардан облыстың әкімдіктегілер хабардар. Проблемаларды біртіндеп шешеміз,- деп отыр. Минстрліктегілер болса, сыбайлас жемқорлықты болдырмауды мақсат еткен мұндай жобаны соңына дейін жеткізбек.
Бақытгүл ИМАНБАЕВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Бұл жерде бұрынғыдай корупционный риск болмайды. Сол үшін әрине қарсылық бар. Бұрынғыдай өздерінің адамдарын, балаларын кіргізе алмайтын болғандықтан кейбір мекемедер министрікітң жұмысына қарсыласып отыр. Әрбір мәселе өз уақытымен шешіліп жатыр. Мүлде бала қабылданбай тұрса, проблема бар деп айтар едік.
Айта кетейік, министрлік дерегінше, аймақта балабақшаға 6036 орын берілген. Қазірдің өзінде 3611 бала қабылданып, 600ден астамы құжаттарын тапсырып жатыр.