Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана су қоймасында бір отбасы мүшелері суға батып кетті

Астана су қоймасында бір үйдің 4 адамы суға батып кетті. Қайғылы оқиға Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жерде болған. 1980 жылғы әйел мен 2001 жылы туған қыздың денесін куәгерлер тапты. Ал 1977 және 2000 жылғы ер адамдардың мәйітін Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары таңғы 6-да судан алып шықты.

Ерсайын ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

4 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға суға түсуге рұқсат етілмеген жерде болған. Бұл аумақта шомылуға тыйым салу белгілері бар. Азаматтарды суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.