Русский Сайттың толық нұсқасы

Баянауылда қарақұрт қаптады

Баянауылда қарақұрт қаптады. Бұл өте улы өрмекші тұқымдас жәндік. У-ы адам бойына тарап кетсе, өліп кетуі де мүмкін. Зиянкестер Торайғыр ауылымен көлі маңында көбейген. Баянауыл ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері жәндіктердің көзін жою мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі күні мамандар 523 қарақұрт жұмыртқасы мен 124 қарақұтты жойған. Десе де, бұл жәндік жұмыртқалап үлгергендіктен, әлі де қауіп сейілмей тұр. Сондықтан жергілікті билік төтенше жағдай жариялауды қарастырып жатыр. Ал мамандар демалушыларға сақ болуды ескертеді. Әзірге адам шағу дерегі тіркелмеді.