Русский Сайттың толық нұсқасы

Париж-2024: грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсыновтың қарсыласы анықталды

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2024
  • 219

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен 87 келі салмақта сынға түсетін балуанымыз Нұрсұлтан Тұрсыновтың қарсыласы белгілі болды.

Нақтырақ айтсақ, грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде мысырлық балуан Мохамед Мұстафа Метваллимен күреседі.

Бұл белдесу жеңімпазы Жан Беленюк (Украина) немесе қытайлық спортшымен сынға түседі.

Мысырлық палуан - Африка ойындарының қола жүлдегері, Африка чемпионы, Токио Олимпиадасының қатысушысы.

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионы және 2 дүркін күміс жүлдегері,- деп жазады Қазақпарат.