Русский Сайттың толық нұсқасы

Дональд Трамп Илон Маскқа сұхбат береді

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2024
  • 193

Республикалық партияның АҚШ президенттігіне кандидаты Дональд Трамп 12 тамызда Илон Маскқа сұхбат беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тасстың ақпаратынша, Дональд Трамп 5 тамызда стример Эдин Россқа берген сұхбатының арқасында Kick сайты рекордты қаралым санын жаңартты деп мәлімдеді. Шамасы, ол бұл жетістікті келесі сұхбатында да қайталайды.

"Дүйсенбі күні кешке мен Илон Маскпен үлкен сұхбат құрамын", – деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Трамп пен Масктың сұхбат форматы туралы ақпарат әлі белгісіз.

Бұған дейін Трамптың жақтастары Байденнің сайлауалды штабына жиналған қаражатын Камала Харриске аударуына түбегейлі қарсы екені хабарланды.