Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздық жастар "Таза Қазақстан" акция аясында «Эко LIFE» эстафетасын бастады

Елімізде жүріп жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы тағы өрісін кеңейтті. Тараздық жастар аталған акция аясында «Эко LIFE» эстафетасын бастады. Бүгін осы шара барысында 150-ге жуық белсенді жас облыс орталығындағы «Көктем» алқабында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жастар қураған шөптерді орып, алқапта шашылып жатқан полетилен покет пен арық атыздағы пластмас заттарды жинады. Себебі, қоршаған ортаға қатты зиянын келтіретін дәл осы қоқыс түрі. Сонымен қатар шаһар ішінде пластик қалдықтары қаланың кәріз жүйесін толтырып, су басу қаупін тудыратыны тағы бар. Өйткені пластик жүз жылға астам уақыт жер астында ыдырамай жата беретіні белгілі. Ал одан бөлінетін химиялық заттар адамзат үшін өте қауіпті. Жалпы Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы тазалық жұмыстарына 700 мыңнан аса азаматтар атсалысқан.

Медет НҰРДІЛЛӘҰЛЫ, ЕРІКТІ:

Эко LIFE жастар акциясы Тараз қаласында біріші рет бастау алып жатыр. Бұл акция жыл соңына дейін әр ауданда өткізілу жоспарлануда. Осы мақсатта жастарға дәріптеу мақсатында Эко LIFE жастар акциясын бүгін Жамбыл ауданына жолдадық. Жамбыл ауданы әрмен қарай Сарысу, Жуалы аудандарына жолдайтын болады.