Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Көрші елдің басшысын Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында қарсы алды. Бұл сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.