Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында екі жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар минстрлігінің баспасөз қызметі.
Осы орайда министрлік өкілдері ата-аналрға тағы да ескерту жасады.
Құрметті ата-аналар ТЖМ ескертеді:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Москит торлары құлаудан қорғамайды;
Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.