Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік иесі әлеуметтік желідегі көрсетілімді көбейтіп, танымалдығын арттыру мақсатында түрлі қитұрқылықтар жасап, жол жүру ережелерін бұзған.
Сонымен қатар, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған.