Қазақстанның бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Парижде қазақстандық телеарналарға берген сұхбатында айтты.
"Елдің жанкүйерлерін түсінемін. Біздің жекпе-жектерге көңілдері толған жоқ. Сол үшін кешірім сұраймыз. Ешкім ұтыламын деп келген жоқ. Жігіттердің бәрі барын салып, күресті. Жақсы дайындықпен келдік. Бірақ сәттілік жетпеді деп ойлаймын, ешкімді кінәламаймын.
Бәрін өзімізден көреміз. Бұйырмай тұр, кем-кетік бар шығар. Сол үшін жеңіске жетпеген шығармыз. Бірақ жігіттердің бәрі шаршаған жоқ. Небір сөздер естіп жатырмыз. "Шаршады, дайныдық нашар" деп. Бүкіл әлем, әріптестерім біздің балаларға риза болып отыр. Ал біздің ел бізді даттап жатқанында қалай ел боламыз деп ойлаймын. Ал былай бәріне рақмет. Мүмкін қатты елдің намысын ойлап, солай айтып жатқан шығар. Бірақ бәрі аман болсын. Қазақпыз, бір-бірімізді осындайда қолдамағанда қашан қолдаймыз?", - дейді Айтжанов.