Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда кітапханаларды жаңғырту бағдарламасы 95 %-ға аяқталды

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2024
  • 453

Алматыда кітапханаларды жаңғырту бағдарламасы 95% аяқталды. Қазір мәдени астанада қала әкімдігіне қарасты 28 кітапхана бар. Оның үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Тегін wi-fi, заманауи компьютерлер, жаңа жұмыс үстелдері мен автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе іске қосылған. Сонымен қатар 140-тай тегін үйірме қызмет көрсетеді. Кітап қоры 1 300 000 данадан асады, оның 18% - ы толығымен цифрландырылған.

БАНУ ДӘУЛЕТБАЕВА, ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Оқырмандарға өзіне –өзі қызмет көрсету аппараттары қойылған демек оқырмандар кітапханашының қызметіне жүгінбей өзі келіп осында бар кітаптың кез-келгенін ала алады. Осы Алматы қаласында отырған кітапхананың кез-келгеніне қайтарып бере алады.

Алматылық 4 кітапханаға көру қабілеті нашар немесе зағип оқырмандарға арналған Брайль пернетақталары да орнатылған. Айта кетейік, биыл Алматы кітапханаларының құрылғанына 40 жыл толды. Биыл кітапханашылар Швейцария, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея және Грузиялық әріптестерімен тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды.

НАДЕЖДА ТЕН, № 10 КІТАПХАНА БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Соның нәтижесінежде біз тың идеяларға қанық болдық деп айтсақ болады. Кеше ғана біздің Alarau creative hub 24/7 жұмыс істейтін кітапханамызда терраса ашылды. Ол біздің Кореядан көрген террасамыз болды. Өте керемет ують , комфорт дейді ғой.