Русский Сайттың толық нұсқасы

"Орталық Азияның ең маңызды және ең құнды ресурсы – білімді жас ұрпақ", - Президент

Орталық Азияның ең маңызды және ең құнды ресурсы – білімді жас ұрпақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мақаласында 6 маңызды міндеттің бірі ретінде білімге тоқталып, бес елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына кең жол ашатын бәсекелік артықшылық ,- деп атады. Ғылым-білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді тапсырды. Бұл орайда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Орта Азия елдеріндегі жоғары оқу орындарымен байланыс тығыз. Әсіресе, ғылым саласында, ғылыми жобаларды өндіріске енгізу бағытында нақты қадамдар бар,- дейді университет ректоры. Қазірдің өзінде бауырлас елдердің 50ге тарта жоғары оқу орындарымен мемарандум бар. 56 студент Атырау университетінің педагогика, экономика, айти саласында білім алып жатыр.

Саламат ИДРИСОВ, Х. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Ғылыммен бағытта да байланысымыз өте жоғары. Мысалы, Өзбекстандарда ауыл шаруашылығы ғылымдары өте жақсы дамыған,агроөнеркәсіп саласы өте жоғары. Біздің елімізде де әсіресе ғылым саласында алатын олардан да іс тәжірибеміз өте көп, біз осы бағытта да ғылыми әлеуетімізді күшейтуге жұмыстанамыз. Орта азия елдерінде жастардың үлесі басқа мемлекеттерге қарағанда жоғары. Біздің мақсат біздің білімді орта азиядағы жоғары деңгейге көтеріп, жастардың қызықтыру.

Көрші ел жастарының Қазақстанда жоғары білім алуға деген ұмтылысын жоғары бағалаған мемелкет басшысы берілетін квота санын біршама арттыратынын айтты. Сондай-ақ білім ордаларының филиалдарын және ортақ факультеттер ашу ісіне барынша қолдау білдірмек.

Рауза МЕНДАЛИЕВА, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Өткен оқу жылында орталық азия мемлекеттерінде 9142 студен оқыды. Олардың 6 мыңға жуығы Өзбекстаннан 3 мыңға жуығы Түркіменістаннан, сосын Қырғыстаннан Тәжікістаннан. Орталық азиялардың барлық жоғары оқу орындарымен біздің Қазақстандық университеттердің қарым-қатынасы бар, жәнеде келісім шарттар орнатылған. Қазіргі таңда 1000 ға жуық келісім шарт бар.

Бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында Орталық Азиядан келген 9 мыңға жуық студент білім алып жүр. Мұның бәрі - жоғары білім берудің Орталық Азиядағы бірыңғай кеңістігін құру жолында нық қадам.