Русский Сайттың толық нұсқасы

"Креативті индустрия мен цифрландыру ісі экономикаға тың серпін беретін күшке айнала алады", - Президент

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2024
  • 266

Қазіргі таңда креативті нарық экономиканың негізгі бағыттарының біріне айналған. Ұлттық экономиканы дамытуда өнер, кино, музыка, дизайн секілді креативті индустрия салалары маңызды рөл атқарады. Мәселен, бүгінде Қазақстанда жылына 80-ге жуық фильм таспаланады. «Кино саласына мемлекет тарапынан әрқашан қолдау көрсетілгендіктен, имидж бен деңгей қалыптасып келеді», - дейді кинотанушы Дана Әмірбекова.

Дана ӘМІРБЕКОВА, КИНОТАНУШЫ, КИНОСЫНШЫ:

Біздің мемлекетіміздің артықшылығы олар әрқашан өнерді қолдайды, әсіресе кино саласын қолдайды. Миллиардтап жыл сайын қаржы бөлінеді. Осыдан 5 жыл бұрын есіңізде болса, ұлттық киноның қолдау орталығы құрылған болатын. Ұлттық киноны қолдау орталығында мысалы басында құрылған кезде 5 млрд көлемінде қаржы бөлінетін, осы соңғы 2 жылда 2 миллиардтан бөлініп жатыр.

Президент мақаласында креативті индустрияға айрықша тоқталуы тегін емес. Жастар жаңашылдық меңгеруі керек. Оған үлкен мүмкіндік бар. Кинотанушылар да бұл салаға үлкен серпіліс әкеледі деп отыр.

Дана ӘМІРБЕКОВА, КИНОТАНУШЫ, КИНОСЫНШЫ:

Креативті индустрияны қолдау көрсету ол үлкен жетістік. Кез келген мемлекетте бұндай қолдау көрсетіле бермейді. Сіздің дүниетанымыңыз, сіздің ұлт ретінде өзіндік ерекшеліктеріңіз осы экран арқылы, кино арқылы өзге мемлекеттерге жетіп жатады.