Ауылшаруашылығы қарқынды дамыған елімізге ағын судың 90-% шет мемлекеттерден келетіндіктен тіршілік нәрі қашанда өзекті. Жыл сайын көрші мемлекеттермен осы мәселе арнайы талқыланып келеді. Келіссеөздер нәтижесіз емес. 2024 жылдың егіндікті суғару науқанында су тапшылығын жою мақсатында суға жауапты министрлік тарапынан Тәжікстан және Өзбекстан республикаларының су министрліктерімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Достық каналына келетін су мөлшері едәуір артқан. Шілде мен тамыз айларында жоспарда қаралған 80 текше метр су көлемі 96 текше метрге көбейтіліп, шаруаларға тұрақты ағын су жеткізілуде. Су, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдарды әзірлеу мәселесі мемлекеттік деңгейде арнайы қаралуда.
Жандарбек БАҚАШБАЕВ, «ҚАЗСУШАР» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жалпы Орта Азия мемлекеттерінің бас қосуларында азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, шаруаларға ағын суды уақытылы және толығымен жеткізу мақсатында оң шешімдер қабылданып, іс жүзінде жүзеге асырылып отырса дейміз. Орталық Азияда су мәселесін шешу мақсатында Президентіміз Халықаралық су энергетика консорциумын бірге құру қажеттілігін Халықаралық су энергетика консорциумын құру қажеттілігін Халықаралық Аралды Құтқару Қорының жиынында ұсынып, мемлекетаралық ашық диалогтарға дайын екендігімізді атап өтті .
Ағымдағы жылы «Қазсушар» мекемесі тарапынан Түркістан облысы аумағындағы 468 шақырымды құрайтын 221 су арналарында механикалық тазалау жұмыстары атқарылып, каналдардың су өткізу қабілеті артып отыр. Айта кетейік, егін шаруашылығы қарқын алған күнгейде суды үнемдеу технологиясына басымдық беріліп келеді. Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысына 2030 жылға қарай облыста су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу қарастырылған