Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерлан Тұрғымбаев бес жылға шартты түрде сотталды

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2024
  • 306

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдаланды деп айыпталған экс-министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл іс "ҚҰПИЯ" деген белгімен кінәні мойындау нысанында іс жүргізу келісімімен келіп түсті. Сондықтан оның қаралуы жабық сот отырысында өтті.

Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

Бұл ретте ҚК-нің 63-бабы негізінде жазаны пробациялық бақылауды белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде деп айқындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініш білдірді.