Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған: Шымкентте аудан әкімдігі мен басқарма есепшісі сотталды

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2024
  • 259

Шымкентте жол жөндеуге бөлінген қаржыны қалтаға басқан есепшілер сотталды. Анығырақ айтсақ, аудан әкімдігі мен басқарма бухгалтерлері бюджеттің 99 миллион теңгесін жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы үшін айыпталған қос азаматша енді алдағы 7 және 8 жылын темір торда өткізеді, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылмақ. Осылай деп үкім еткен қаладағы мамандандырылған сот мемлекет мүлкіне қол салғандардың айласын да айтты.

«Асанова мен Бесбаева жалған бухгалтерлік құжат негізінде үлестес кәсіпорындарға қаражатты заңсыз аударуды жүзеге асырды. Сондай-ақ 2023 жылдың ақпан-желтоқсанында нақты жұмыс істемеген тұлғаларға жалақыны жүйелі түрде аударып отырды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров.