Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдос Сметов өзіне берілген су жаңа көлікті алғашқы бапкеріне сыйлады

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2024
  • 105

Дзюдодан Париж Олимпидасының чемпионы Елдос Сметов өзіне берілген су жаңа көлікті алғашқы бапкеріне сыйға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елдос Сметов туған жері Тұрар Рысқұлов ауданына барды. Жерлестері чемпионды сән-салтанатпен күтіп алған. Халық спортшыға жылы лебіздерін білдіріп, тарихи жеңісімен құттықтады.

Аудан әкімдігі Елдос Сметовке шапан жауып, су жаңа “Haval” көлігін сыйлаған. Ал Сметов бұл көлікті өзінің алғашқы бапкеріне сыйға тартты. 

“Нағыз Олимпиада чемпионы! Үлкен алғысымды айтамын бұл кісіге. Қандай көлік мінгізсек те аздық етеді! Қазақтың тарихын бес рет жаңарту бастамасын ашып берген кісі – Ахмет Жұмағұлов атамыз”, – деді Елдос Сметов.