Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапония премьер-министрі Кишида Қазақстанға келмейді: елшілік пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2024
  • 209

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида бір күн бұрын Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты Қазақстанға келмейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, премьер-министр Фумио Кишиданың елімізге бұрын жоспарланған сапары тоқтатылды.


"8 тамызда Жапонияда жойқын жер сілкінісі болғанын, сондықтан премьер-министр Кишида мырзаның Қазақстанға сапарын тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлаймыз, сәйкесінше, оны ілесіп жүрген делегация да, оның ішінде баспасөз хатшылары да, олардың орынбасарлары да келмейді", - деді елшілік өкілдері.

Олар қазақстандық тараптан кешірім өтінді.

Бұған дейін Жапонияның метеорологиялық агенттігі Кюсю аралының оңтүстік бөлігіндегі жер сілкіністерінен кейін Жапонияның Тынық мұхиты жағалауындағы Нанкай жарығында тағы бір жойқын жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары екенін ескерткен.

8 тамызда Астана уақытымен сағат 12:42-де магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпу ошағы Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік бөлігінде, Миядзаки қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан.