Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде найзағай түсіп, жұмысшы көз жұмды

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2024
  • 220

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшысына найзағай түсіп, көз жұмды.

Ақтөбе қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнады. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшысы найзағай түсіп, көз жұмды.

— Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағында 35 жастағы ер адамның ес-түзсіз жатқаны туралы хабар түсті. Жұмысшылардың айтуынша, кешкі астан кейін ол далаға шыққан. Ал іште отырған жұмысшылар оған найзағай түскенін, кейін қозғалыссыз қалғанын көрген. Сол кезде жедел жәрдем шақырған. Жұмысшы жедел жәрдем бригадасы жеткенше көз жұмған, — деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.