Русский Сайттың толық нұсқасы

БҒМ әлеуметтік желіде тараған ақпараттарды жоққа шығарды

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2017
  • 2742

Жоғары оқу орындарындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тарих», «Лингвистика», «Шығыстану» пәндері алынбаған. Бұл - жалған ақпарат. Вице-министрдің айтуынша, әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттар министрлік сайтына кибер шабуыл жасалған кезде тараған. Жұртшылықты дүрліктірген құжаттың қайдан пайда болғаны беймәлім.  Сондай-ақ, ол университеттерде қазақ тілі мен әдебиеті кафедраларының жабылуы туралы мәліметті де жоққа шығарды. Министрлік өкілі, егер жалған ақпарат таратушылар жағынан қандай да бір заңбұзушылық болса, сотқа шағым түсіретінін айтты.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Сенбіден жексенбіге қараған күні Білім және ғылым министрлігінің сайтына «DDOS» шабуылы жасалды. Сайт жұмысы келесі күні түсте қалыпқа келтірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл шетелдік серверлерден жасалған. Осы кейбір шабуыл ақпарат құралдары мен желілерде жалған ақпарат таралғанымен қатар келіп отыр.  Бұл білім және ғылым саласының беделін түсіруге бағытталған шара. Министрлік осы мәселе бойынша құзыретті органдарға тиісті шара қолдануға жүгінді.