Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да полиция ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топты ұстады

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2024
  • 235

БҚО криминалдық полиция қызметкерлері Ақсай қаласының аумағында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды  Polisia.kz.

БҚО Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері кәсіпорындардың бірінің қауіпсіздік қызметімен бірлесе жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақсай қаласының аумағында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан үш жас жігіттен тұратын қылмыстық топты ұстады.

Жастар Бөрлі ауданындағы мұнай-газ кәсіпорындарының біріне тиесілі мыс кабельдерді және акционерлік қоғамдардың бірінің аккумулятор батареяларын ұрлап кеткені анықталды. Ұсталғандар Ақсай қаласының тұрғындары екені белгілі болды. Тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту шараларын жүргізу кезінде күдіктілерден ұрланған заттар жартылай тәркіленді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері қылмыскерлер ұрлаған заттарды сатып алушыны анықтады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Ұрлық фактілері бойынша 6 эпизод негізінде қылмыстық іс қозғалды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.