Русский Сайттың толық нұсқасы

«Аптап ыстықта сусыз қалдық», - тұрғын

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2024
  • 324

Айдана ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Алматы облысындағы Береке ауылы ауыз суға жарымай отыр. Тұрғындар “Жаз басталса, көрген күніміз осы”-дейді. Көріп тұрғандарыңыздай, құбырдан бір тамшы су да ағып тұрған жоқ. Мына ыдыстардың жуылмай, жайрап жатқанына да біраз уақыт болған.

Береке ауылында 9 мың халық жыл сайын осы мәселемен бетпе-бет келеді. Тіршілік нәрі тоқтаусыз ағып тұрмағандықтан, күн сайын дүкеннен су сатып алуға мәжбүр. Бір күнде әр шаңыраққа 5 литрлі бөтелкенің бесеуі керек екен. «Бұл қалтамызға ауыр соғады», - дейді көпшілік.

 Гүлмира ИМАШЕВА, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өздеріңіз де көріп тұрсыздар, не ыдыс-аяқ жуа алмаймыз, не кір жуа алмаймыз. Мысалы балалар кіріп-шығып, қазір жаз мезгілінде үйде отырған балалар қолдарын жуу керек. мысалы өткенде аптап ыстық болды, аптап ыстықта бір тамшы су болмау деген білмеймін ондай кезде өте қиын сияқты.

Тұрсынбай ШӘРІПОВ, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Где-то 10 шақты жыл болды көшіп келгенімізге, содан бері проблема мына су деген. Мен тура водакачканың жанына 100 метрдей жерде жақын тұрамын. Бізде напор жоқ, водокачканың қасында тұрып напор жоқ бізде. Екі күннің бірінде су өшіп қалады қайта-қайта. Не болды, жарылды, жөндейміз дейді, то насос жанып кетеді. Бүкіл 9 мың населениеге бір-ақ насос жұмыс істеп тұр.

Береке ауылының жай-күйіне жауапты әкімдіктен мәселенің қашан, қалай шешілетінін сұрап көрдік. Елтай ауылдық округінің басшысы су мекемесінің маңында құбырдың жөндеу жұмыстарын бақылап жүрмін дейді. Халық егін суару кезінде тіршілік нәрін үнемдемей, бей-берекет қолданады деп отыр.

Біржан МАХАТОВ, ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Біз өзіміздің тарапымыздан бұл кісілерге көмектесіп жатырмыз және де қолымыздан келгенше тезірек халыққа су жеткізу жұмысын ретке келтіріп жатырмыз. Қазір жаңа насос қойылады. Күйіп кеткен насос ремонтқа апарылады да, екінші резервный насос боп қойылады.