Атырауда пайдалануға берілгеніне жарты ғасырға жуықтаған үй тұрғындары көмек сұрайды. «Мұнайшы» ықшам ауданы халқы қабырғасы үгітіліп, жертөлесі суға толған баспанада тұрып әбден шаршадық,-дейді. Кезінде мұнайшыларға арнап салынған екі қабатты 16 үйдің сау тамтығы қалмаған.
Әлия АХМЕТОВА, «МҰНАЙШЫ» ЫҚШАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:
Алды 50, соңғы 45 жыл болған үйлер. Содан бері ремонт көрмеген салынғаннан бері. +Кезінде төбелерінде дұрыс шифр жабылмаған тегіс төбелер. Үйлердің бәрінен тегіс су кетіп тұр. Қыста жарылады. Жазда жарылады.Авария болмай тұрмайды.Ескі құбырлар болғасын. Кәріз суы сосын ауыз судан авария болып, подвалдың бәрі сасып-шіріп жатыр.
Максим ДӘЙКИЕВ, «МҰНАЙШЫ» ЫҚШАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:
Жарлар үгітітіліп түсіп жатыр. Ремонт жасадқ подъезге. Жасағаны түсіп қалады. Бір сөзбен айтқанда, ремонтқа келмейді бұл үйлер.
Тұрғындар талай рет әкімдіктің табалдырығын тоздырған. Бірақ шенділер халықтың сөзіне құлақ аспапты. Бұл жолы да мамандар пәтер иелер кооперативін құрып, өздері жөндеп алсын деп отыр. Ал үйлер ескі болған соң ешбір пәтер иелер кооперативі алғысы жоқ.
Жасұлан МҰҚАШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
Тұрғындар қосымша қаражат жинап, өздерінің жертөледегі инженерлік желілері мен шатыр, кіреберіс жөндеу жұмыстарын, қала берді шатырын өз күштерімен жасау керек. Егерде Пик жоқ болса, тұрғындар жиналып, басқару нысанын таңдау керек. Немесе жақын жердегі Пикке қосылуға толық құқылы.
Бір қызығы, әкімдік тозығы жеткен ықшам аудан ішіндегі бордюрды ауыстырып бастаған. Ауланы абаттандырамыз деп отыр. Ал жергілікті биліктен күдерін үзген бұқара енді кімге шағымданарын білмей дал.