Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысының Шарбақты ауданында 32 мың гектар жер игерілмеген

Павлодар облысының Шарбақты ауданында 32 мың гектар жер игерілмеген. Тіпті малы жоқ адамдар иелік еткен. Соның кесірінен ауылдықтар жайылым жер таппай отыр. Ауданда 11 мың гектар жер жетіспейді. Биыл әкімдік 3900 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарған.

Сағадат СОЛТАНОВ, ШАРБАҚТЫ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ғарыш сапары деген бар. Через ступник. Игерілмей жатқан жерлерді определать етеді. Содан бізден 47 мың гектар жер шықты. Соның ішінде пастибищасы 24 мың гектар, қайтарылған 7 мың гектар жер бар. Енді ғарыш сапарына бәрі шыға береді ғой спутниктен көрігеннен кейін оны біз мониторинт етеміз. Мониторинг еткеннен кейін ішінен қараймыз. 24 мың пастибища қалды. 8 мың пашня бар.

«Жер аманаты» республикалық комиссиясының өкілдері өңірге сапары аясында Шегірен ауылының халқымен кездесті. Кездесуде ауылдықтар жерді конкурс арқылы ұтып алудың қиындығын айтты. Өйткені, сол ауылда тұрған азаматтар өз ауылынан жер ала алмайды. Оны басқа жақтан келген кәсіпкерлер ұтып кететін болған. Осы мәселе бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек тұрғындарға былтыр ғана қабылданған заңнаманы түсіндірді. Ал игерілмеген жерлер бойынша комиссия тексеру жүргізбек.

Бақытжан БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Енді ауылдың тұрғындары өздерінше кооператив құра алады. Кооператив құрғаннан кейін олар конкурске қатысса, қосымша баллға ие болады. Сол ауылда 5 жыл тұрған азамат қосымша тағы 10 балға ие болады. Ол ертең ауылдан көшіп қалаға ауыл қаңырап қалмайтын жағдайға жету үшін біз ауылдың тұрғынын ауылда қалдыруымыз керекпіз. Ауылда қалу үшін мал жаю мүмкіндігін қалыптастыруымыз керекпіз.