Русский Сайттың толық нұсқасы

Зайсан өңіріндегі балықшылар Премьер-министрге өтініш жолдады

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2017
  • 3990

Шығыс аймақтың балықшылары ел премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа өтініш-тілектерін білдірді. Олар ауыл шаруашылық министрлігі енгізген жаңа жоспарға наразы. Биыл Зайсан көліннен көксерке аулауға шектеу қойылған. Үкімет басшысына хат жолдаған балықшылар 1140 тонна жылдық көлемді екі есеге азайту аймақ экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін деп отыр. Оған қоса, көл жағалай қоныстанған жиырма бес мыңнан астам ауыл түрғындары жұмыссыз қалмақ.

Балықшылар мәселесімен айналысқан  Қазақ ғылыми-зерттеу институты мен экологиялық реттеу және қадағалау комитеті, жылына 1000 тонна балық аулау Зайсандағы көксеркенің  азаюуына еш әсер етпейді, деген қорытыныды жасаған. Сонымен қатар табиғатты пайдаланушының мерзімі тағы тоғыз жылға бекітілген көрінеді.

Соңғы үш жыл ішінде балық шаруашылығы мен оны өсіруге 623 миллион теңге инвестиция тартылған. Кәсіпкерлер несие алып, шикізатты өңдейтін шағын цехтар мен зауыттар салған. Алайда, еуро талаптарға сай салынған кәсіпорын жабылудың алдында тұр деп қынжылады балықшылар. Тіпті Еуроодақ елдер мен Қытай мемлекетіне  өнімді экспорттау жүйесі де құрдымға кетуі мүмкін. Бұл жағдай өңір экономикасына да әсер етеді. Ал балық аулауға белгіленген жасанды лимит көл жағалап, оңай олжа табатын қаскөйлер қатарын көбейтуге әкеліп соғады, деп отыр.

Игорь Шацкий, ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:


Бізге ресми белгіленгеніп отырған 500 тонна. Бірақ, экономистердің есебі бойынша, көксеркенің көлеңкелі экспорты жылына 3-5 мың тоннаға жетеді. Егер біз шикі өнмідерді қайта өңдеуге басымдылық  берген болсақ, кәсіпкерлерге  көбірек мүмкіндік туар еді. Яғни өзге елдерді шикізатпен қамтудың орынына өз елімізді отандық  өніммен қарық қылар едік.