Русский Сайттың толық нұсқасы

Грек орманын өртеген отшашу: Яхта капитаны кінәні өз мойнына алд

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2024
  • 138

Биыл 23 маусымда Гидра аралындағы қарағайлы орманда отшашудың арты өртке ұласты. Яхтаның капитаны жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы Ekathimerini басылымы хабарлайды, - деп жазды  KAZINFORM 

Басылымның мәліметінше, Қазақстан азаматтары демалған Persephoni I жеке яхтасының капитаны кінәсін толық мойындаған. 

«Қолда бар мәліметтерге сәйкес, тұтқындалған капитан 2 тамызда өз еркімен толық жауапкершілікті мойнына алып, экипаждың қалған мүшелерін және шетелдік яхта жалдаушыларын ақтап, қосымша айғақ келтірді», — деп жазады басылым.