Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде екі метрлік құдыққа түсіп кеткен ит құтқарылды

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2024
  • 330

Ақтөбе облысының құтқарушылары құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды.

Оларға иттің құдыққа түсіп кеткені айтылған.

"Бүгін кешке 112 нөміріне екі метр тереңдіктегі ашық құдыққа ит құлап кеткені туралы хабар түсті. Құтқарушылар альпинистік құралдың көмегімен итті сәтті шығарып алды", - деді құтқарушылар.

"Біз үшін әрбір өмір маңызды!" - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері

Бұған дейін Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында еліктің құтқарылуы видеоға түсіп қалған болатын.