Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық экономика министрлігі азық-түлік бағасы неліктен қымбаттағанын түсіндірді

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2017
  • 2596

Ет бағасының өсуіне жемнің қымбаттауы себеп. Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы жыл басынан бері 2 пайызға көтеріліпті. Сондай-ақ көкөніс құнының көтерілуіне маусымдық сақтау қызметтері мен жанармай бағасының өсуі әсер етті деді,- ведомсто өкілі. Ендігі кезекте өнімнің құны шарықтамас үшін жергілікті басқару органдары мен шаруалар арасында заң шеңберінде келісім жасау көзделіп отыр.  

Самал Ибраева, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы:

Жергілікті әкімдіктер жергілікті бизнес өкілдерімен етене жұмыс жасау механизмдері қарастылырылып отыр. Жалпы мұны спекулянтты баға дейді. Осы бағаның бақылауын, шарттарды жедел қабылдауға жол ашады деп үміт артып отырмыз. 

Баспасөз жиынында көктемгі егіс жұмыстарының жайы да қозғалды. Биылғы межені орындау үшін диқандарға 375 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініпті. Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз хатшысы әр айға жоспарланған жанармай көлемі мен дизель отынының бағасын айтты.

Жасұлан Әбдіхалық, ҚР АШМ қоғаммен байланыс басқармасының басшысы:

Осы наурыз айына 148 тонна, сәуір айына 106,4 мың тонна, мамыр айына 118,6 мың тонна, маусым айына 2 мың тонна. Яғни осы наурыз айына белгіленген арзандатылған жанар-жағармай - 107 теңге литріне.