Ақтөбе облысында 9 тамыз күні кешке соққан дауылдың салдарынан Ойыл ауданы Көсембай ауылында бірнеше үй жарықсыз және шатырсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының хабарлауынша, желдің қатты болғаны сонша, ол электр бағаналары мен қоршауларды құлатып қана қоймай, үйлер мен қосалқы құрылыстардың шатырларын жұлып кеткен.