Лос-Анджелес 2028 жылғы Жазғы Олимпиаданы автокөліксіз өткізбек. Бұл туралы қала мэрі Крен Бастың мәлімдемесіне сілтеме жасап, 24kz. жазды.
«Бұл кептелістен қашу үшін қажет», — дейді ұйымдастырушылар.
«Көрермендер Олимпиада нысандарына қоғамдық көлікпен жетуге тиіс. Осы мақсатта жаңа 3 мың автобус пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істеуге басымдық жасалады. АҚШ үкіметі Лос-Анджелестің транспорттық жағдайын жақсарту үшін 900 млн доллар бөлуге уәде берді», — делінген хабарламада.