Русский Сайттың толық нұсқасы

Алакөлде жасөспірімді құтқармақ болған тоғыз жастағы баланың өзі суға батып кете жаздады

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2024
  • 390

Оқиға бүгін, 11 тамыз күні Ақши ауылындағы Алакөл көлінде болған. Жасөспірім суға батып кете жаздағанда, тоғыз жастағы бала өз өмірін қатерге тігіп, оны құтқармақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірім көлде жалғыз өзі жүзіп жүрген, суда шұңқыр болып, ол сол жерге түсіп, бата бастаған. Мұны демалушылардың бірі байқап, адамдарды көмекке шақыра бастаған.

"Бейбарыс есімді бала әлдекімнің көмекке мұқтаж екенін түсініп, ойланбастан жасөспірімді құтқармақ болған. Алайда соңында олар бірге тұншыға бастаған. Кейінірек үшінші құтқарушы көмекке жетіп, екі баланы да судан алып шықты", - деп жазды Chris_p_brothers.