Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында ер адам тау өзеніндегі суға ағып кетті

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2024
  • 359

Отбасымен және достарымен Қаскелең өзеніне демалуға барған ер адам абайсызда суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы жағдай Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең шатқалында болған. 63 жастағы ер адам шомылмақ болып суға кірген. Алайда ол тау өзенінің қатты ағысына төтеп бере алмай, суға батып кетті. 

"Болжам бойынша, республикалық жедел-құтқару жасағы ер адамның денесін құлаған жерінен 1 шақырым жерден тауып, өзеннен шығарды. Оның мәйіті полиция қызметкерлеріне тапсырылды”, – делінген хабарламада.