Русский Сайттың толық нұсқасы

Париж Олимпиадасынан 9-орын алған қазақстандық теннисистке екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2024
  • 368

Қазақстан үстел теннисі федерациясы Кирилл Герасименкоға Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйлады. Спортшыны 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсеткені үшін марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында Кирилл Герасименко 9-орын алды. Бұл Қазақстан үшін тарихи сәт болды. Еліміздің үстел теннисі федерациясы спортшыға Астанадан екі бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айқасында Панамерикандық ойындардың жартылай финалшысы чилилік Николас Бургосты ұтты. Оның екінші қарсыласы Еуропа чемпионы, командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері Германиялық Дан Цю болды. Герасименко германиялық спортшыдан 1:3 есебімен жеңіліп жатып, 4-3 есебімен жеңісті жұлып алды. Ширек финалда Кирилл Герасименконың төрт мәрте Олимпиада ойындарының қатысушысы, Африка чемпионы мысырлық Омар Ассарға қарсы шықты. Отандасымыз 2:0 есебімен алға шыққанымен, одан кейінгі үш сетті Асар жеңді. Кирилл Герасименко осылайша, 9-орынға табан тіреді. 

“Герасименконың сәтті ойынының арқасында Қазақстан әлемдік рейтингте 46-орыннан 37-орынға көтерілді. Кирилл Герасименконы Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы үлкен жетістігімен құттықтаймыз! Бұл біздің спорт үшін тарихи оқиға. Турнир бойы Кирилл мызғымас ерік-жігерін, кәсіпқойлығын және нағыз спорттық шеберлігін көрсетті. Ол қазақстандық үстел теннисшілерінің әлемнің ең мықты спортшыларымен лайықты бәсекеге түсе алатынын көрсетті”, – деді үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.