Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде Әуе Қорғаныс Күштері әскери инститы 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әскери Қорғаныс Күштерінің әскери институтының құрылғанына биыл елу жыл толды. Орталық Азиядағы жалғыз әскери офицерлерді дайындайтын оқу орнының негізі 1974 жылы қаланған. Ол кезде ұшқыштар дайындайтын училище болды. 2003 жылы оқу орны әскери институт мәртебесін алды. Сол уақыттан бері білім ордасы екі жарым мыңнан астам түлекті түлетіп ұшырған. Тек еліміз үшін емес алыс жақын шетелге авиация мамандарын дайындады.

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

Мен ойлаймын біздің мектеп –ерекше мектеп.Қазақстанның ішінен шыққан ғарышкерлерден бірнеше кісі ғана бар. Оның ішінде екі азамат осы мектепті бітірді. Қазірде дәрежесі мол училище.

Бүгінгі күні әскери институтта жеті жүзден астам курсант білім алуда. Соңғы жылдары оқу орны ұшқышсыз ұшу аппараттын басқару мамандарында дайындап жатыр. Келер осы мамандықтың алғашқы түлектері түлеп ұшпақ.

Әділ ҚОЗЫБАҒАРОВ, Т. БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘҚК ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару маманы өте үлкен рөл ойнап жатқанын өздеріңізде көріп тұрсыздар. Соңғы екі жылда біз осы салаға көңіл бөлдік. Практикалық сәті дайындық өтті деп айтсақ болады.

Бүгінгі салтанатты шарада әскери институт қызметкері сержант лауазымын алды. Ал су тасқыны кезінде белсенділік танытқан әскери институттың жеті қызметкері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.