Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық жастар күніне орай «Bir Tolqynda» заманауи би чемпионаты өтті

Елімізде екінші рет «Bir Tolqynda» заманауи би чемпионаты өтуде. Сайысты «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырды. Біріншілікке 5 мемлекеттен қатысушылар келіп, өзара сынға түсуде. Олар жеті номинация бойынша үздіктерді анықтайды. Ал өнеріне халқаралық дәрежедегі әділқазылар төрелік етуде. Жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлық берілмек.

Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін жастар күніне орай «Amanat» париясы жастар рухы және Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен би фистивальі өтіп жатыр. Бұл би алаңы бізде кі жыл қатарынан ұйымдастырылып жатыр. Жалпы мақсаты Елордадағы шығармашыл жастарды қолдау, және оларға алаң беру. Сонымен қатар олардың шығармашылық жұмыстарын марапаттау.