Русский Сайттың толық нұсқасы

Пәкістандағы ең биік таулардың бірінде белгілі альпинист көз жұмды

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2024
  • 355

Биіктіктегі құтқару жұмыстарына қатысуымен танымал болған пәкістандық альпинист елдегі ең биік таулардың бірінен түсу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пәкістан Альпі клубының мәліметі бойынша, 12 тамызда 35 жастағы Мурад Садпараға Қарақорам жотасында басына тас тиіп, алған жарақатының салдарынан қайтыс болды, деп хабарлады клуб хатшысы Каррар Хайдри.

Хайдридің айтуынша, Садпара өткен аптада тауға шығу үшін португалдық альпинистпен экспедицияны бастаған, бірақ Садпараның серіктесі ауа-райының қолайсыздығынан ауырып қалған соң екі спортшы артқа қайтуға мәжбүр болған.

Оның айтуынша, команда базалық лагерьге оралғанда тас Садпараға құлаған.

Құтқарушылар тобы Садпараны эвакуациялады, бірақ ол медициналық көмек оған жеткенге дейін қайтыс болды. Оның денесі таудан түсірілді.