Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда полиция тұрғындарды тонаған 3 күдіктіні қолға түсірді

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2024
  • 389

Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысының жолын кесті.

Атырауда мейманханалардың бірінде 39 жастағы тұтынушыға күш қолданып оның бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын және 1 млн 200 мың теңге ақшасын ашық түрде тонаған 23 және 18 жастағы күдіктілер анықталып ұсталды.

Сондай-ақ 45 және 42 жастағы тұрғындардың телефондарын жымқырған 36 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды.

Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, тонау қылмысы үшін күдіктіге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.