Русский Сайттың толық нұсқасы

"Отандық өнім бола тұра, импорттық тауарларды сатып алуды доғару керек", - О.Бектенов

Отандық өнім бола тұра, импорттық тауарларды сатып алуды доғару керек. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов үкімет отырысында айтты. Ол отандық шикізат пен материалдарды пайдалану бойынша ірі мердігер компаниялардың міндеттемелеріне мониторинг жүргізудің тетігін әзірлеуді тапсырды. Осылайша, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетілуі керек деді,-үкімет басшысы. 

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады. Біз қашанда өзіміздің отандық өндірушілерді қолдайтын боламыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір министрдің міндеті.Біз бұл жайлы үнемі айтып жүреміз. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс.

Үкімет басшысының атап өтуінше, отандық фармацевтика саласын дамытудың маңызы зор. Осы жылдың өзінде еліміздің фармацевтика өндірісі 14,5 пайызға ұлғайған.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Саладағы әлеует бұдан әлдеқайда жоғары. Денсаулық сақтау министрлігіне осы көрсеткішті жыл соңына қарай одан әрі ұлғайтып, шығарылатын препараттардың көлемі мен тізбесін кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырамын.Сондай-ақ, фармацевтика өнімін сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың электрондық сатып алу жүйесіне көшуін тездету қажет.