Русский Сайттың толық нұсқасы

"Су тасқынынан зардап шеккендер қыркүйектің аяғына дейін үймен қамтылады", - министр

Қысты күні ешкім баспанасыз қалмайды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында осылай деп уәде берді. Ол су тасқынынан зардап шеккендер қыркүйектің аяғына дейін толықтай үймен қамтылады деп отыр. Ведомства басшысының сөзінше, қазір Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында 60 үйдің құрылысы толық аяқталған, 14 үй пайдалануға беріліпті. Ал Қостанайда қарғын судан зардап шеккен 50 отбасы жаңа үйге қоныстанған.

Қанат ШАРЛАПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:

БҚО-да 775 үй, Ақмола облысыныда 330 үй, Ақтөбе облысында 504 үй, Атырау облысында 100 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Осының 80 пайызы бірінші қыркүйекке дейін аяқталады. Басты мақсатымыз қыркүйек біткенше бүкіл құрылысты аяқтап, пайдалануға беру.